Мұхтар ШЕРІМДЕ-БАС ЖҮЛДЕ!


Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты, жазушы-сықақшы, Республикалық «Ара» газетінің арнаулы тілшісі Мұхтар Шерім көрнекті сатирик, қоғам қайраткері, шымшыма шебері Шона Смаханұлының  90 жылдық мерейтойына орай өткен «Шоқ тілді Шона» атты фельетоншылар бәйгесінің бас жүлдесімен марапатталды.

(26 қараша, 2014 жыл)

БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ ЕКЕН ҒОЙ...

 

Бүгін менің туған күнім Дубайдағы "Тыңқиып тоямыз" мейрамханасында өткелі отыр. Асаба Асқар. Тегін басқарады. Қазір кешкі сегізде мына жігіттер тобымызбен ішке кіреміз. 
Шіркін, адамдардың бәрі осылай мәз- мәйрам, бауырмал, ағалы-інілі, адал достар болып жүргенге не жетсін! Айтпақшы, Қалмаханбет інім, сен де жүр, қалып кетпе, ұшақ ұшқалы тұр!

КҮЛКІСІЗ ӨМІР - КҮЛМЕН ТЕҢ...
    Өнер мен мәдениеттің ордасынан алшақ жатсақ та, өнер-білімге таласым бар. Әдебиетті жаныммен сүйем. Қара сөздің парқын түсінем. Сатира деген жанр бар. Әзіл біздің қазақтың қанында бар қасиет. Бізде сатира бар. Сол қазақ сатирасының дамуына сүбелі үлес қосқан О.Әубәкіров, Ғ. Қабышұлы, У.Уайдин, М.Шерім , Е.Шайхыұлы сынды саңлақтарымыз бар.
   Мұхтар ағам тек Оңтүстік емес, барша қазаққа таныс есім. Жұртшылыққа "Тамаша" ойын-сауық отауының репертуарына енген шығармалары арқылы танылған. Нариман Нұрпейісов деген ғалым ұстазым: "Мұхтар Шерімнің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - қысқа әрі нұсқа жазады. Себебі, сатира шұбалыңқылықты сүймейді. Ол ұзақ-сонар баяндап жазап отыратын әңгіме емес... Сатирик Мұхтар Шерімнің айрықша атап өтерлік басты қасиеттері - батылдығы, өткірлігі, дер кезінде дәуір рухына үн қосып отыратындығы..." деп жазған болатын. Мұхтар аға сатираның дамуына "Қисық шеге", "Күлеміз бе, қайтеміз?", "Құдағи құшақтай береді", "Бюрократпен қоштасу" атты кітаптарымен үлес қосты. 
Мұхтар аға қазақ сатирасының жанр ретіндегі ерекшеліктеріне көп мән береді. Жанр табиғатын бес саусақтай меңгерген маман. Күлкінің қоғамдағы роліне тереңдей біледі. Мұхтар ағам мықты сатирик... Ескі мен жаңа сатираның жібін жалғаған дәнекер қаламгер. Сатирадағы бұрынғы соқпақты жаңа заман көшіне бейімдеген. Ағамның тың туындыларымен осы Фейсбук әлемінде танысам. Ой түйем. Мұхтар аға әдемі әзілмен, жеңіл юмормен сын садағын сәтті пайдаланады. Бүгінгі сатирасының арқауы - әлеуметтік мәселе. Бұл тақырыптың майын тамызып, Мұхтар ағамдай ешкім жаза алған жоқ. Сонысымен де ағамның қаламынан шыққан сатира сәтті әрі ұтымды. Туындысынан өзімізді тауып жатамыз. Қаламгер жеңісі деген осы!!!
 Асыл ТАЛҒАТЖАН

Фейсбугтағы парақшасынан. 22желтоқсан, 2013жыл.

Мухтар Шерим. Ничего нам не надо!

Источник Абай.Кз.   09.09.11.

Как-то сын казахского  миллиардера сидел  на берегу Каспия, и ловил рыбу.  И выловил он непростую, а золотую рыбку.  Все прямо как в сказке! Только взял он ее в руку, чтобы лучше рассмотреть, как рыбка замолвила :

-Господин, мой. Я золотая рыбка.

-И?

-В смысле не простая. Желания исполняю.

- Ты чего, думаешь, что я золото никогда не видел?

- Скажи три любых желания. Потом отпусти меня. Я исполню их все.

- А мне нечего желать. У меня все отлично.

- Но я слышала ваш государственный язык в удручающем положении. Хочешь, я сделаю, так чтобы  все шала-казахи заговорили на родном языке?

-Зачем?- вопросил сын миллиардера.

-Но славянское движение  «Лад» все время посягает на ваш язык и историю.  Хочешь,  этого не будет?

-  А мне с этого какой интерес?

-А золото? Хочешь, обогащу тебя?

- У меня всего хватает. Спасибо…

- Пожалуйста, можешь хоть триста желаний назвать. Отпусти меня. А то я умру.

-Да ничего мне не охота.

-Нефть нужна?

-Нефтью папа занимается… Мне-то она на кой?

-Машину? Дорогую?

- Ой… У меня самая дорогая на свете.

-Отпусти меня, дорогой. Как тебя зовут?

-Талтанбай!

-Сколько тебе лет?

-28

- Ты младше меня на год. Прояви уважение. Отпусти меня, а то мне плохо уже.

- А если отпущу? Что будет?

-Исполню все желания твои…

-Да, не надо. У меня-то все есть — ухмылялся сын богача.

- Да, ТЫ не человек. А настоящий собачий сын!-закричала рыбка.

-Что? Что?

- У тебя не сердце, а мрамор…

-Кончай, а! Мне ничего не надо. Сколько повторять тебе?

-Ну тогда, черт тебя побери, брось меня в озеро.

-Да-а, а знаешь, мне скучно. Умеешь играть в карты?

-Ну, сыграем!

- А в какую именно игру? Преферанс, или  дурака?

- В пиковую даму.

-Ну, поехали!

Сын богача вытащил из кармана карты. Рыбка его спросила:

-Если я выиграю, отпустишь меня?

-Поглядим.

В игре проигравшим оказался сын миллиардера. Рыбка обрадовалась, и  с грустью сказала:

- Ты проиграл! Теперь отпусти меня!

- Не пущу.

- Да ты не мужчина в таком случае. Ты настоящая баба!

-Что? Что?

- Ты похож на двуличных баб!

-Кончай, а! Ты в моей власти. Захочу, выдавлю кишки тебе.

-Хочешь стать депутатом?..
-Да, идут эти депутаты лесом. Я их ненавижу.

-Сенатором?

-Нет

-Ну, кем ты хочешь стать?

-Богом!

-Прости, но Богом тебя сделать я не смогу. Ибо Бог сотворил меня саму.

Рыбка все сильней ослабевала. И предчувствуя близость смерти произнесла:

-Пожалуйста, после моей смерти, брось меня в озеро. «Дитя воды должно жить там». Пусть моя душа будет в обители родственных душ.

-Зачем? Ты мне как раз — таки нужна мертвой.

После смерти рыбки, сын богача сделал из  ее тела чучело, и прикрепил на цепочку своей жене. Это был своеобразный подарок.  А ведь если бы на его руках умерла простая рыбка, то он может и исполнил ее волю, и бросил в озеро, после затянувшихся издевательств над ней. Но, увы, рыбка оказалась на свое несчастье, золотой.

5 комментариев

  1. х:

    Тупой казахский юмор.

  2. ?арасайбатыр:

    То:х. Что ты понимаешь в Великой казахской мысле? Мухтар Шерим, это певец казахского языка и казахской мысли. Он профессиональный писатель сатирик, ему нет равных в Казахстане. Его тонкий юмор сродни английскому, и людям воспитанных на традициях колониального, русского солдафонского юмора этого не понять. Мухтар Шарим главный Редактор сатирического журнала ЖУДУРУК, журнала имеющего бешеные тиражи и бешеную популярность во всем мире. Тебе до его юмора, да и вообще казахского юмора как до АкОрды….

  3. н:

    Согласен с батыром. Таким как х, только петросяны, и тупые американцы кажутся верхом остроумия. А самое смешная шутка, для них это пердеж, демонстрация генеталий, и слово «ж.па».

  4. Аноним:

    копайте глубже. это отражение сущности наших баев, готовых ради копейки удавится, но при этом знающих что им в принципе ничего не надо уже от жизни. Ненасытнось, тщеславие, желание отобрать последнее, именно эти качества описаны тут. когда у человека есть все( в материальном плане) ему становится скучно, хочется развлечений. Лучшее развлечение -играть судьбами людей, управлять ими. Т.е власть. Но и власти становится мало, хочется больше, хочется стать богом. и плевать им на беды людей. Что для них язык? Что для них чья-то жизнь,и последняя воля? Они закрыты от нас.
    Здесь описана наша власть. ЕЕ двуличие, не умение сдерживать обещание. Но все подано в завуалированой форме.

  5. Майя:

    Тупой манкурт! Как раз о нашем обществе. Острый юмор!

 

Быть акимом я хочу, быть акимом...

 

Есть же песня: «Сәби болғым келеді, сәби болғым!» - «Быть ребенком я хочу, быть ребенком!», так вот, она мне приснилась, но, там слова были другие - "Быть акимом я хочу, быть акимом...". Я не просто проснулся в поту, я выскочил из сна с криком от страха, в ушах звучал ужасный вариант этой песни! Странно, никто ведь не поет: "Дураком я быть хочу, дураком быть!", но, видимо сон был к тому, что мы впервые выбирали акимов аулов. Странный сон, но, может он к тому, что и я могу стать акимом, если выбирают достойных?! Почему нет? Разве мои мысли что-то разрушили, а ум в чем-то запутался? Или я плосколицый, а ноги столь кривы? Странные сомнения, их надо гнать прочь! Поэтому с утра пораньше стал распевать вариант из сна: «Быть акимом я хочу, быть акимом...» Жена пришла в восторг от услышанного и вдохновившись не просто вторила мне, а постоянно повторяла под мотив молодого певца Кайрата Нұртаса: «Коль акимом станет муж, если станет. Мое сердце вдруг болеть ведь не станет...» Меня это еще больше подзадорило, поэтому я оделся с иголочки, нашлифовался до шика и предстал перед районным акиматом с самыми радужными мечтами в голове. Председателя районной комиссии застал перед актом поглощения торта на самом почетном месте. 
- Здравствуйте! Я из аула под названием «С периферии», - сказал я.
- Хотите торт? – спросил он.
- Нет, не люблю сладкое…
- У меня привычка есть торт перед обедом… Извините, вы соскучились по мне и поэтому пришли?
- Нет… Меня пригнала воспаленная мысль стать акимом…
- Народ будет выбирать…
- Да, я хотел зарегистрироваться.
- У вас есть трос?
- Зачем он?
- Надо ведь зарегистрировать?
- Что вы, Әбеке…
- «На счет»...
- Вчера во сне седобородый, красноусый, зеленоволосый старик приснился, душил меня и вторил: «Слушай меня! Ты должен стать акимом! Ты можешь стать акимом!». Я принял это за пророческий знак....
- Странно, этот старик приходит многим во сне и баламутит людей...
В это время в кабинет вошла женщина:
- Я тоже хочу стать акимом! Хочу быть ближе к народу на 10 см! Я .... 

PS: Это супер весело! Но и ответственно! Продолжение напишу завтра, может еще раз переосмыслю написанное. Очень рада была познакомиться с творчеством великолепного сатирика Мұхтар ШЕРІМ! 

Благодарю Вас, Мұхтар ШЕРІМ, за Ваше творчество! (перевод Айгул Кохаева)

В «Еки езу» – новые «петросяны»

В «Еки езу» – новые «петросяны» 

 Акима били по голове и заставили его признаться в том, что он ярый коррупционер. Произошло это в выходные во Дворце студентов на представлении театра «Еки езу». 

Коррупционеры, взяточники, акимы и депутаты стали героями «Еки езу». Новые юмористические номера написал известный в стране сатирик Мухтар Шерим. 

– Мухтар сотрудничает со многими проектами: «Шаншар», «Тамаша», с нашим коллективом. Он изучил каждого нашего актера, чтобы в будущем писать пьесы именно для нас, – рассказывает руководитель театра Нурлыбек Жубаткан. 

За последний год актерский состав театра обновился на 80 процентов. Из команды ушел певец Азамат, который пел в «Еки езу» с 11 лет. Он сейчас в Алматы. Вместе него приняли юного певца, ему тоже 11 лет. 

Праздничный концерт приурочили к Наурызу. Повтор концерта планируется ко Дню смеха в филармонии. 

 

Мұхтар Шерім: Сахнада қазақ қызын, қазақ әйелін мазақ етпесек екен

1 сәуір — күлкі күні

 Бүгінгі сұхбаттасымыз — Шымкент қаласының тұрғыны, 2009 жылы «Оңтүстік Қазақстанның ең үздік жазушысы» атанған адам. Бірақ Мұхтар Шерім — тек оңтүстік емес, барша қазаққа таныс есім. Жұртшылыққа ол алдымен «Тамаша» ойын-сауық отауының репертуарына енген шығармалары арқылы танылған болатын. Елімізде бірінші болып «Жұдырық» атты жеке әзіл-сықақ газетін ашты. «Қисық шеге”, “Күлеміз бе, қайтеміз?”, “Құдағи құшақтай береді”, “Бюрократпен қоштасу”, т.б. кітаптардың авторы.

Жуырда Ақтөбеге жолы түскен сатирик-жазушыны әңгімеге шақырдық:

 

Күлкі…

— Қазақ сатириктері арасынан кімдер жаныңызға жақын?

— Марқұм Оспанхан ағамызды, Оспанхан Әубәкіровті ерекше жақсы көремін. Кезінде ол кісінің батасын да алған едім. Кейінгі жастардың қадамдары да жақсы. Мысалы, Ермахан Шайқының жазғандары маған қатты ұнайды. Ал осы Ақтөбе топырағынан Үмбетбай Уайдин, Төрежан Мәндібай ағаларымыз бастаған мықты сатириктер шықты. Солардың ізін жалғастырып жүрген Нұрлыбек Жұбатқан ініміз «Екі езу» театрының іргесін қалады. Маған «Екі езудің» репертуары әлеуметтік мәселелерге көбірек көңіл бөлетіндігімен ұнайды.

— Өзіңіз айтқан Оспанхан, Үмбетбай ағалардың «күлкісі» нәзік, мәдениетті болатын, ал қазіргі «күлкі» дөрекіленіп кеткен сияқты көрінеді. Сіздіңше?..

— Бұл — жаны бар пікір. Әсіресе жаныма бататыны — қазір сахнада аналарымызды, қыздарымызды мазақ етуге айналдық. Жігіттер әйел болып боянып, киініп алады да, сахнаға шығып, «өсек» айтып, я «күйеуін беттен алып» тұрғандары… Мүмкін кейбір сондай қыз-келіншектер бар да шығар. Бірақ қазақ қызының бәрі ондай емес қой! Қазақ қызы,  қазақ әйелі кім? Өз анамыз, жарымыз, қарындасымыз емес пе? Оның үстіне, бәріміз де қыз бала өсіріп отырмыз. Барлық кемшілік атаулыны қазақ қызының бойына «жапсырып», қаралай бермейік.

— Сахна туралы айттыңыз. Қазір сатира театрлары көбейіп кетті. Бұл неден? Қоғамның, халықтың арзан күлкінің соңында жүргендігінен бе?

— Әрине, сатира театрларының көп болғаны жақсы. Шымкенттің өзінде бірнеше сатира театры бар, олардың арасында ең танымалы — «Шаншар» болса, сол «Шаншардың» ашылуына менің тікелей қатысым бар. Бұл жөнінде Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораевтар өз сұхбаттарында айтып та жүр. Өз театрын ашатын кезде, Гүлжан Қалыбаева да мені әдейі іздеп келіп, «Театр ашайын деп едім, атын қойып беріңізші» — деп өтінген болатын. «Күлкі керуені» деген атты қойып берген мен едім. Сатира театрларының көптігіне үрке қарамау керек. Үркітетіні — олардың әдемі юморға, мағыналы дүниелерге емес, дөрекі, тіпті кей жерде анайы «күлкіге», тұрмыстық дәрежедегі әңгімелерге тым үйір болып кеткені. Театр ашып жүрген азаматтарымыз көп жағдайда бір ғана мақсатты көздейді — ақша табу. Ал сатираның жанр ретіндегі ерекшеліктеріне, күлкінің қоғамдағы роліне тереңдей бермейді. Керек десеңіз, қазір біздің әртістеріміз өздерін «сатирикпіз» деп жариялап жүр?! Сатирик дегеніміз — қаламгер. Ал әртістерді әзілкештер, өнер әлемінде жүрген күлдірімпаздар дейміз. Осы арасын айырып жатпайтыны қынжылтады. Сатира театрларының көпшілігіне тән кемшілік — олар автор тарта бермейді. Өздері «жазады», өздері қояды, өздері ойнайды… Бұл  — эстрададағы сөзін де, сазын да өздері «жазып», әрі «ақын», әрі «сазгер», әрі биші болып жүрген әншілер тектес құбылыс. Әйгілі Петросянның бірде сахнаға бір жас жігітті шақырып, жұртқа: «Бұл — біздің авторымыз. Осындай жақсы жазатын жігіттер болмаса, біздің күніміз не болар еді?» — деп, таныстырғаны бар. Авторға сүйену, авторды қолдау жағынан біздің мәдениетіміз Ресейден төмен болып тұр. Театрлар тарапынан: «авторлар сахнаға лайықтап жаза алмайды» — деген әңгіме де айтылып жатады. Мықты деген сатириктеріміздің бұрынғы соқпақтан шыға алмағаны, ескі сарынмен жазатыны рас та шығар? Бірақ автормен жұмыс істеу керек. Бұл тұрғыда драматургиядан үлгі алу керек. Кейбір театрларда автормен жұмыс істеуге деген ұмтылыс бар екенін де айтқан жөн. Мысалы, «Екі езу». Автор тартуға деген ұмтылыс — өз деңгейін көтеруге деген ұмтылыс. Ондай қадамдарды құптап, көрсетіп отырған дұрыс.

Мен сахнада әлеуметтік мәселелердің көбірек айтылғанын қалаймын. Әдемі юмормен көп нәрсені жеткізуге болады. Ондай дүниелер кей театрлардың репертуарында бар. Тұрмыстық  әңгімелер немесе қыз бен жігіттің арасындағы мағынасыз қалжыңнан гөрі, қоғамдағы өзекті мәселелерге жұрт назарын аударуға ден қойған дұрыс деп ойлаймын.

— Соңғы кезде: «Нақ бүгін бізде сатира жоқ» — деген пікірлер де айтылады. Әрине, бұған келісуге болмас. Алайда: Сіз не дейсіз?

— Жалпы, әдемі әзіл — біздің халықтың қанында бар қасиет. Әйтпесе, Қожанасыр мен Алдаркөсе ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жетер ме еді? Жоғарыда айтқанымдай, алдыңғы ағаларымыздың, мықты сатириктеріміздің заман ағымына ілесе алмай қалғаны рас та шығар. Бірақ қазір жастар жақсы көрініп келеді. Ал ауылдарда танылмаған қанша талант жатыр? Сатира театрлары соларды тауып, жазғандарын сахналап, жұртқа көрсетіп жатса — нұр үстіне нұр болар еді. Бізде сатира жоқ дегеннен гөрі, сатираға қолдау жоқ деген дұрыс болар. Айталық, Жазушылар одағы не жер-жерлердегі мәдениет бөлімдері мүшәйралар, жазушылар үшін байқаулар ұйымдастырып жатады. Ал сатирик ақындар да бар ғой? Олардың арасында неге мүшәйра өткізілмейді? Негізі, мұның бір себебі мынада сияқты: бізде сатириктер өздері-ақ күн көреді деген пікір қалыптасқан. Мысалы, Сіз өлең жазасыз дейік. Бірақ қанша жақсы өлең жазсаңыз да, оны жалпақ жұртқа жеткізе алмауыңыз мүмкін. Тек өлең оқитын адамдар ғана біледі де қояды. Ал сатириктің жақсы дүниесі тез таралады. Ол сахнада да, тойда да, отырыста да орындалады. Яғни, сатириктердің насихаттаушысы көп, қарындары тоқ сияқты көрінеді. Бірақ әңгіме күнкөрісте болмауы керек. Сатира  — «тоқалдың баласы» емес, ол да — әдебиеттің бір жанры. Осы жағын ұмытпауға тиіспіз. Ат мінгізбесе де, мақтау қағазын неге қимасқа?

Айта кететін тағы бір жайт — бүгінде облыстық басылымдар беттерінен сатиралық мүйістер жоғалып кетті. Бұл жай да менің көңілімді алаңдатады.

 

…және Өмір

— Сатирадағы алғашқы қадамыңыз?

— Сегізінші класта оқып жүрген кезімде көршілерімізді қатты ренжітіп алғаным бар. Оқиға былай болды: ауылымызға Әлима деген науқас әйел келіп жүретіні бар еді. Науқас дегенде, есі кіресілі-шығасылы адам болатын. Бір күні алба-жұлбалау киініп алып, сол Әлиманы салып, көрші үйге бардым. Көрші үйде үлкен апай мен келіні шай ішіп отыр екен. Мені таныған жоқ, шын Әлима екен деп ойлады. Сол жердегі әңгімені түгел айтып жатпай-ақ қояйын, әйтеуір Әлиманың «ролін» «жақсы» ойнап, көршілерді бір-бірімен араз ғып кеттім. Балалық қой! Онымен қоймай, көрші үйден шыққан шаң-шұңға мәз болып, «мұны мен істедім» — деп, шешеме бастан-аяқ баяндап жатырмын. Бірақ менің әңгімем шешеме ұнаған жоқ. Бірден айғайға басып, бәрін әкеме айтып берді. Ал әкем ұрсып, бақырып-шақырып жатпады, дереу іске кірісті. Бір қойды сойып салып, көршілерді қонаққа шақырды. Дастарқан үстінде мән-жайды түсіндіріп, «бүгін бұл ауылға ешқандай Әлима келген жоқ. Бәрін бүлдірген — біздің бала» — деп еді, көршілер оған сене қоймады. Сосын әкем маған: «Қане, бар, Әлима болып киініп кел» — деп бұйырды. Айтқанын істеп, манағы «көріністерді» көршілердің алдына қайта шығара қойдым. Сөйтіп, мен кешірім сұрап, олар татуласып, бәрі жақсы аяқталды. Сол оқиғадан кейін бірер күн өткенде, ойланып отырдым да, «Әлиманың әлегі» деген әңгіме жазуға кірістім. Оны сол бойда аудандық газетке жолдадым. Бір аптадан кейін газетті ашып қалсам — әңгімем тұр! Қайта-қайта оқимын. Сенсеңіз, бір күннің ішінде 50-60 рет қайталап оқып шыққан шығармын. Жүрегім жарыла қуанып, апайыма, кластастарыма жүгірдім. Алғашқы қадамымыз осылай болған еді…

— Облыстық газетте жұмыс істегеніңізді білеміз.  Журналистік өмірдің қызық-шыжығы көп. Ерекше есіңізде қалған оқиғалардың бірі?..

— Иә, біраз жыл «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Қақпан» сын-сықақ бөлімінде істедім. Күлкілі жағдайлар көп болды. Бірде мені сотқа шақырды. Ол кезде жаспын, қатты қобалжыдым. «Не болып қалды?» —  деп алқынып жетсем, сотқа берген — бір балабақшаның меңгерушісі екен. Жасы менен әлдеқайда үлкен, әйел адам. Қазынаның ақшасын жеп қойған ғой. Сондықтан оны сынап жазғанда, «алақандары үнемі қышиды да жүреді» — деп, образды түрде келтіргенмін, (яғни, ақша тілеп деген мағынада екені түсінікті). Әлгі апай сол сөзге жармасып алыпты: «Менің алақандарым ешқашан қышыған емес. Неге білмейтін нәрсесін жазады?» — деп, үстел тоқпақтап қояды. «Бұл — әдеби тәсіл, образбен айтылған» — дегенге көнетін емес. «Маған моралдық шығын келтірді. Қазір жұрт мені: «Алақандары қышитын апай» — деп мазақтап жүр. Не менің алақандарымның қышитынын дәлелдесін, не шығынды өтесін» — талабы, міне, осы болды. Сол жолы сол апайға күлгенім есімнен кетпейді.

— Достарыңызбен мақтана аласыз ба?

— Марқұм Құдайберген Сұлтанбаев менің қимас досым еді. Ол кісі менен 10 жастай үлкен болғанмен, екеуміз жақсы араластық. Айналасындағыларға балаша еркелеп, балаша мәз болып, ойнап жүретін адам болатын. Шымкентке келсе, міндетті түрде мені іздеп тауып алып, өзінің ыстық ықыласын көрсетіп жүретін. 90-жылдары мен «Тамашамен» тығыз шығармашылық байланыста болдым. Құдайберген Сұлтанбаев менің «Қайыршылар» деген интермедиямды сахнаға шығарған. «Сен бе, сен? Сен «Халық әртісін» қайыршы қылдың ғой!» — деп қоятын маған… Қазір соның бәрі — сағыныш.

Тағы бір мақтанышпен айтатын досым — Болат Сембаев. Қарапайым адам. Бірақ әдебиетке өте жүйрік. Арнайы білімі болмаса да, анау-мынау сыншыдан кем түспейді. Маған: «Сен билік адамдарын, мықтыларды не қыласың? Дос болсаң — шындықты бетке айтатын мына менімен дос бол» — деп, «сес көрсетіп» те қоятыны бар. Жазған-сызғандарымды сол кісіге оқытып, пікірін біліп тұрамын.

— Сіз тәуекелшіл адам сияқтысыз? Көп жазасыз және басқалар бара бермейтін тақырыптарға қарай «жүгіресіз»…

— Кейде тұрмыстағы ұсақ-түйектер де жазуға «сұранып тұрады». Бірақ әлеуметтік мәселелерді жазғанды жаным сүйеді. Рас, «қорықпайсың ба?» — деп қалатындар бар. Жаным қалаған тақырыптар болған соң ба, қалай жазғанымды да байқамай қаламын, қорыққан-қорықпағанымды да байқамай қаламын. (Күлді — ред.) Ешкімнің аты-жөнін атамасам да, халықтың көкейінде жүрген, халықтың көңілінен шығатын дүниелер жазсам деймін. Ал бос мылжың сатира бола алмайды.

 

Әңгімелескен Индира ӨТЕМІС

 

«САТИРА» САЛАТЫНАН АУЫЗ ТИІҢІЗДЕР...

 

    Қаламы қағынған, Республикамызға танымал жазушы- сықақшы, от ауызды, қазақ сатирасының жоғын жоқтап жүрген, бүгінде өндірте жазып, заман көшінен қалмай, шаршамай келе жатқан Мұхтар Шерімді көзі қарақты, көкірегі ояу қазақтың бәрі біледі десек, артық айтқанымыз емес. «Құдағи құшақтай береді» кітабын былай қойғанда, «төрт томдық сатиралық шығармаларының өзі бір төбе.

    Күлкі күніне қарай Мұхтар Шерімнен сұхбат алудың сәті  түскен еді, бірақ сатириктің өз өтініші бойынша,  бұл сұхбатты Күлкі күнінен кейін жариялап отырмыз... Неге дейсіздер ме? Оқып көріңіздер...

 

--Мұхтар аға, бұл сұхбатымызды әу дегеннен Күлкі күнінен кейін жа­риялау­­ым­ыз­ды өтіндіңіз. Неге?

--«Сатира» салатын дайындап жатыр едім. Салатым екінші сәуірден кейін дай­ын болады. Күлкі құмар оқырмандарым «Сатира» салатынан дәм ауыз ти­мей қалады ма деп қорыққаным ғой...

--Қойыңызшы аға... Күлкіден салат қалай болады?

--Кәдімгі салаттан оңай болады! Оның рецепті оңай болғанымен, жеті күннен кейін жеу керек, аштан өліп бара жатсақ та, жеті күннен кейін... Үшінші сәуір күні  дайын тұрады... Былай ғой, тарелкаға төніп, рахаттана күлесіз. Күлкіңіз тарелкаға түседі. Сосын күлкіні таза сумен жуып,  өтпес пышақпен майдала-ап турайсыз. 400 грамм төгілген күлкіге 200 грам «сарказмды» жұқалап турап, кетпенмен, ой, кешіріңіз, қасықпен араластырып, «Ха-ха-ха!» деген қаймақты сорғалата құйып, «Усойқы» деген қызыл бұрыш қосып, жеті күннен кейін жей бересіз...

--Мына сөзіңізге қарағанда, өмірде де осындай әзілкешсіз бе?

--Жоқ... Қарным ашқанда ғана әзілдеймін... Аш халықпен тоқ шенеуніктер ойнамайды ғой...

--Айтыңызшы, айдалада, қараңғыда алдыңыздан бес бұзақы шығып, қолдарында тапанша, «Мұхтар Шерім сіз бе? Сізге өмір керек пе,  күлкі керек пе?» деп сұраса, қайсысын қалар едіңіз?

--Екеуін де қалар едім...

--Күлкімді келтіріп отырсыз...

--Күлкіңізді кептіргеннен сақтасын...

--Айтыңызшы, сонда да...Қайсысын қалар едіңіз?

--«Қызық кино сияқты» қызық сұрақ екен. Негізінде, сықақшыларға осындай сұрақтар қойылуы керек. Әрине, мен оларға қызық анекдот айтып беремін де, олар шек-сілесі қатып күліп жатқанда, «Күлкі керек, күлкі керек!» деп ішімнен айқайлап, қашып кетер едім.

--Қандай анекдот ол?

--Айтып берейін. Бір арық шыбын мен семіз шыбын дос болыпты. Арық шыбын сұрайды ғой: «Шыбын қарындас, неге арықсыз?» деп. Семіз шыбын айтады: «Мен министрлер мен депутаттар тамақтанғанда, тарелкаларына қонамын. Олардың жұғындысы да жетеді маған... Ал, шыбын ағай, өзіңіз неге арықсыз сонша?» Сонда арық шыбын: «Мен аш-жалаңаш халықтың табақтарына қонамын. Сылдыр су ішіп отырғандары. Жұғындарын жалай бастағанда, ұстап алады да, аяқтарыма жабысқан майлықты да қызғанып, сореп-сореп тастай салады... Содан арықпын...» деген екен...

--Қызық екен. Мұхтар аға, қазіргі сықақшылардан кімдер мықты?

--«Анау мықты жазады, мынау мықты жазады» деп бөліп жаруға қарсымын. Әркімнің өз стилі, өз шама- шарқы, жеткен жері, тоқтаған тоқырауы бар. Ғаббас Қабышев, Үмбетбай Уайдин, Төрежан Мәндібай, Толымбек Әлімбек ағалар мықты. Кейінгі толқыннан  Ермахан Шайхыұлы, Алпысбай Боранбай, Серік Абас-шах, Нұрлыбек Жұбатқандар жарқырап келе жатыр. Өзгелер  болса, заман көшіне ілесе алмай, шаң қауып қалды...

--Саяси сатира жазып жүрсіз. Қорықпайсыз ба?

--Неден қорқайын? Біздің жазып жүргеніміз нақты фактілерге құрылған памфлет немесе фельетон емес.

--Шынымды айтайын ба?

--Айта беріңіз.

--Шынымды айтсам, кейбір «сықақшымын» деп жүргендердің әзіл әңгіме­лерін  оқи бастағаннан, ұйқым келеді де тұрады. Түк тартпайды. Не күле алмайсың, не жылай алмайсың. Оларды да сатирик дейміз бе сонда, Мұх­тар аға?

--Ұйықтатып қоятыны жақсы екен... Енді... Оларды  сатирик емес, «халтурик» дей алмаймыз ғой. Сөзіңнің қырық жаны бар. Сатиралары сайдың ішінде жатқандай, кейіпкерлері арам қатқандай, сөз-сөйлемдерін Құдай атқандай,  қиқым-қоқыс сатира жазғанша, алақандарын жала-ап отыра бергендері артық шығар деп ойлаймын. Бірақ олар өздерін аса «данышпан» санайды. «Мықты­мын» деп ойлайды. Кітап шығарғанның бәрі мықты дейсіз бе?  Жарайды, олар да керек шығар...

--Былтыр мемлекеттік тапсырыспен кітап шығарып, қуанып қалды деп естідік?

--Қуанып жатырмын. «Қашқандар мен қуғандар» атты кітабым шыққан. Саған қолтаңба берейін десем, үш-ақ кітап берген. Қалғанын Құдай қалаған күні береді дейді...

--Сізді Ақтөбеге барып келді дейді...

--Жұрт Америкаға барып келіп жатқанда, менікі мынау тұрған Ақтөбе ғой. «Екі езу» театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан інім шақырды. «Ет жеп кетіңіз» деп емес әрине... Театр тынысымен таныстырды, сатиралық дүниелерім сахнаға қойылды дегендей... Алдағы мамыр айында «Ауылдағы айтқыштар» байқауы өтеді екен, соған төрағалық жасаймын, құдай қаласа...

--Мұхтарлардың бәрі мықты.  Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов... сіз өзіңізді сатирадағы мықтымын деп санайсыз ба?

--Ойбай, олай деп атамаңыз! Өзін- өзі «мықтымын» деген жазушы сол күні өлді деген сөз... Мен өзімді ешқашан «мықтымын» деп айта алмаймын! «Мен бұл жазғанымнан да мықты жазуым керек!» деп қана өзімді- өзім қайраймын. Ал, өзгелермен салыстырмаймын. Мұхтар Шерім—ол өзінше Мұхтар Шерім. Сосын «пәленшені мойындаймын, түгеншені мойындамаймын» деп те жатады. Бұл да есалаң түсінік. Оқырманың мойындаса, одан өткен артық бақыт бар ма?

--Атақтарыңыз жоқ сияқты...

--Сияқты да емес, мүлде жоқ. Атаққа аса құмар емеспін. Алаш сыйлығының лауреаты атанып жүргендердің де күлдіріп жүргендері шамалы...

--Интернетке қалайсыз?

--Интернетті «иіскеп» тұрамын. Өте жиі. Күн сайын десем де болады. Интернет және жазушы.  Жазушы интернетті тез меңгерсе, бүгінгі заманның көшіне ілесе білгені. Өкініштісі, интернетті қалай ашуды білмейтін жазушыларды да көріп жүрміз. Өз басым, интернетті бір кісідей ноқталап алдым. Сіздердің «Бақ» сайттарыңыз ұнайды маған. Жылт еткен жаңалықтарды жылдам бересіздер. Кешігіп, есік тоқылдатып тұрмайсыздар.  Бәрімізге еркін блог жүйесін ашып бердіңіздер. Өзімнің де «Қазжурден» «Мұхтар Шерімнің блогы» деген блогым бар.  «Абай кз», «Түркі дүниесі» «Жас алаш», «Айқын» сайттарын үнемі ашып, ішін аралап, тінтіп, ақтарып, шашып отырамын. Кейде түннің бір уағына дейін отырып қаламын.

--Сатириктер бір- біріңізбен араласып тұрасыздар ма?

--Аз халықпыз. Әрине қыз беріп, қыз алысып жатпасақ та, көрінген жерде жабысып қаламыз. Агент арқылы «Ашалау...» деп те жатамыз. Рас, кейде бөлініп алып, бөлек ботқа жейтіндер де бар. Пендешілік қой. Көре­алмаушылық, пасықтық, мықтыларды мойындамау, оны мүлде елемеу арқылы ұпай жинау сияқты «сасық саясат» та жүріп жатады дейді. Өзім ондайды елей бермеймін. Бастысы—оқырмандарың  емес пе?

--Түс көресіз бе?

--Түсімді біреу ұрлап әкетпеген шығар? Көремін әрине. Былтыр Путинді көрдім. Түсімде. Маған ұялы телефонының нөмірін жазып беріп жатыр.  87013252507 дейді. Ояна салып, әлгі нөмірді терсем, арғы жақтан: «Қате тердіңіз, вы набрали не правильный номер...» деген әйел даусын естідім.  «Келесі түсімде Путинді тағы көрермін, сонда жөндеп сұрап алмасам...» деп қоямын... Бірақ Путин түсімді таппай жүр.

--Сіз Шымкент қаласында тіршілік етіп келесіз. Астанаға көшіп келу ойыңызда жоқ па? Сонда мықтылармен араласып, шенеуніктермен қатар отырып шәй ішсеңіз, жазарыңыз көбеймес пе екен деп ойлап отырмын.

--Жазушыға Астанада немесе, Алматыдан шәй ішу мақсат емес. Астанада тұрып та, тым тырыс жүргендер бар. Серік Абас- шах інім де риясыз көңілмен кездескен сайын: «Мәке, Астанаға көшіп келсеңіз, қандай жақсы болар еді!» деп қояды. Әттең, көшіп-ақ барар едім, Шымкентімді қимаймын... Ол жаққа қызметке шақырғандар да болды. Мынадай қанатты сөз бар ғой. «Ақындар ауылда туылып, Астанада өледі..» деген. Менің шығарғаным: «Сықақшылар ауылда туылып, облыс орталығында-ақ өледі...»

--Сөз басында «Сатира салаты» деп қалдыңыз... Дайын болған шығар?

--Әрине! Құрметті менің оқырмандарым! «Сатира» салатынан дәм ауыз тиіңіздер! Күлкі қымызынан ішіңіздер! «Әзіл» омлетінен жеңіздер! Ұялмаң­ыз­дар!

--Мұхтар аға, көңілді салатыңызға да, сұхбатыңызға да рахмет!

Қ. ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ.

«Бақ» сайты. 

 

  САЯСИ САТИРА «ҰЙЫҚТАП» ЖАТЫР...

 

    Ұялмай-қызармай: «Бізде сатира жоқ...» деп қуырдақтың майын ғана жалап, аузын саусағымен сүртетіндерге таң қалып, таңдайымды тақылдат­қан­нан басқа амалым жоқ. «Саяси сатира, қайдасың?» деп сұрау салмас бұрын, «осы бізде сатира бар ма, жоқ па?» деген солқылдақ сұраққа жауап беретіндер бар шығар, ал, Қазақстан жазушылар одағында өткен  жиында белгілі сатирик Ермахан Шайқыұлы былай деген еді: «Бұқаралық ақпарат құралдары: «Қазақ сатирасы құлдырады, суалды, өлді. Оны соңғы сапарға өзіміз шығарып салдық...» деп ұлардай шулағалы біраз жылдың жүзі болды. Бірақ сол бейбақтардың қазақ сатирасының өсіп, өркендеп, дамып, тасы өрге домалап, бара жатқанынан хабары бар ма екен? Әрине, жоқ! Сондықтан, тисе, терекке, тимесе, бұтаққа» деп оңды-солды сын садағын ататын сыншысымақтарға нақты деректерді сөйлеткеніміз жөн шығар?» («Әдеби өмір шежіресі», 344 бет Алматы, 2012 жыл.)

 Шырылдап, шындықты айтар болсақ, бізде сатира бар! Бар болғанда қандай! Тек оны насихаттау жағы кемшін соғып жатады.  Күлкі күні-- бірінші сәуірде ғана   «еске алынып», насихатталып жатамыз. Онда да, пейілдері «бір бөлмелі  пәтердей» ғана сатириктер мықтыларды  «мұрт астында» қалдырып кеткен болады. Аттарын атаудан қорқады. Мәселен, сатирасы сайдың тасындай, Ермахан Шайқыұлы, қалжыңы құмалақтан қуырдақ қуырып беретіндей Доқтырхан Тұрлыбек,  күлкісі күбі пісіп жататын Нұрлыбек Жұбатқан, кітаптары арық болғанымен, өзі «семіз» Алпысбай Боранбаев, Алаш сыйлығының лауреаты Еркін Жаппасұлы, сатирасы салмақты Берік Садыр аталмай, «түкке қажеті жоқ тізімдерден» шет қалып жатады. Бірақ, мұндай жымысқы «жүн» саясаттың сатира сардарларының сағын сындырмаса керек. Халық онсыз да кімнің не жазып жүргенін, кімнің қалай жазып жүргенін бес саусақтай біледі.

 Ал, кейіннен кібіртіктеп шыққан жас сықақшылар мен журналистер   сатира туралы мақала жаза қалса, белгілі бір аумақтан шыға алмай, тыпыршиды. Неге? Өйткені, олар өзге сатириктерді оқымайды. Шетел классиктерінің сатирасын түстерінде көріп жатады. Тіпті, сатира мен әзіл-қалжыңның арасын ажырата алмайтын «сықақшылар» да бар. Әдеби сатира мен театр сатирасының арасы жер мек көктей. Сөйте тұра кейбіреулер өздерін «сатирик болған соң», «біз де сатирикпіз» деп таныстырып жатады. Айналайын-ау, театр сахнасында дені дұрыс сатира бар ма? Жоқ қой! Әзіл-қалжың театрларында (әсілі осылай атау керек!)  тек бос қылжақтар орын алып келде жатқан жоқ па? Сатира жазбаса да, сахнада қалжыңдағаны үшін  «сатирик» деуіміз керек пе?  Ал, әдебиет әлемінде қалжың  қуырдағы да, сатира салаттары да бар! Тек оқи білу керек, оқысаңыз, ақиқаттан аттамай, шындықты айта білу керек. Әсіресе, «Жас алаш» пен «Айқын», «Қазақ әдебиеті» газеттерін оқыңыздар, сауаттарыңызды ашыңыздар. Бұл басылымдар сатираны «өгей балам» деп санамайды, қайта бауырына тартып, «еркелетеді». Сатиралық беттерін жүйелі беріп отырады. «Естерінен шығып» кетпейді.

 Күлкі алтыннан да қымбат, көңіл тазартады, күлкі шаңсорғыш  іспетті,  көңіліңізді жапқан шаңды сорып алып, айнадай жарқырата түседі. Біз қалай күліп, қалай күлдіріп жүрміз? Мәселе сонда. Өз басым «жетім жымиыс та» әкелмеген сатираны, әзіл әңгімені қабылдай алмаймын. Күлу былай тұрсын, трагедия жазатындар да кеуде соғып, «сатирик» атанып жүр. Таусылған сықақшылар да баршылық.  Ал, мықтылардың қатарында әлі күнге дейін дес бермей дегбірсізденіп келе жатқан Ғаббас Қабышұлы, Үмбетбай Уайдин, Төрежан Мәндібай сынды ақсақалдарымыз бар. Сатираның сағын сындырмады ағалар. Басылым беттерінде сатираға әділ бағаларын беріп те жатыр.

Ох, ұмытып барады екенмін ғой, қалай ойлайсыздар, саяси сатира бар ма? Неге үндемейсіздер? Саяси?!  Әлде «саяси сатира, қайдасың?» деп жар салу керек пе? Саяси дегенде, әлеуметтік мәні бар сатиралық әңгімелердің өзі саяси сатира. Яғни ішкі саясат. Тіпті әкімшіліктерде «ішкі саясат» орынтақтары бар емес пе? Сол сияқты. Ал, сыртқы саясат демекші, саяси салмағы ауырлау, «қаны сорғалаған» нағыз «жынды» саяси сатира бар ма? Сыртқы дүниеге дүрбімен көз салатын? Әрине, жоқ... Бар болғанымен, аз. Аз болғанымен, сапасыз. Сапасыз болғанымен, көзге түспейді...  Неге саяси сатира аз жазылады? Өйткені, ең бастысы- таланты жетпей, титықтап қалады. Өресі өрге жетпейді. Білімі саяз, көңілі аяз... Саяси сатира да керек. Жер жаһанда не болмай жатыр? Соларды ми  қазанында қайнатып,  сатира қышқылдарын қосып,  тәп-тәуір дүние жазуға болады. Сонда ғана саяси сатира күлдіре отырып, жылатады. Әзіл-оспақ отауының әртістері  басылымдарға сұхбат бере қалса, қазақ сатирасының өкіл әкесіндей, немесе, жесір шешесіндей болып, қамқорсып, «сатира жоқ!» деп ауыздарын алақандарымен сүртеді. Сөйтеді де, сатираның  «жоқтығын» театрмен байланыстырады. Сонда деймін-ау, оларға сатира туралы  «соңғы сөзді» айтуға кім құқық берді екен? Өресінің төмендігі емес пе, саяси сатираны, саяси сатираны қоя тұрайықшы, салмақты сатираның өзін театрдан ғана іздейді. Әдебиеттің бір саласы болып, ықылым заманннан келе жатқан сатираны әдебиеттен іздемейді. Оның себебі--әдебиеттің иісі мұрындарына бармайды. 

 Хош, сонымен саяси сатираға «халықаралық  іздеу» жариялауымыз ғана қалды. Мұның тағы бір себебі бар. Шетел оқиғасына құрылған сатираны оқырман қауымның бәрі дерлік тұшынып, тамсанып оқи бермейді.Ол үшін саяси сатираға ащы бұрышты көбірек салып, күлкі «укробын» көбірек сеуіңкіреп, оқиғаларын өзіміздің менталитетке жақындатыңырап жазсаңыз ғана оқырман «ойпырмайлап» оқиды. Ал, «Обама сөйтті», «Сирияға Түркия шабуыл жасамақшы», «Америка арам екен», сияқты хабарлама түріндегі саяси сатираны кім оқи қойсын? Саяси сатира демекші, бізде патриоттық рухта тәрбиелейтін, отан сүйгіштік тақырыбындағы сатира мүлде жоқ десе де болады. Американың кез –келген киноларында ұлттық тулары  желбірейді де тұрады. Саяси сатирада да еліміздің көк байрағы желбіреп тұрғандай әсерде жазылуы тиіс. Өкініштісі сол, саяси сатира саяси анекдоттардың деңгейіне де жете алмай, алқынып тұр. Осындайда заңды сұрақ туады. «Алдымен, сатираның өзін оңдырып алмаймыз ба?» Рас, ол да керек, алайда, кім қай тақырыпта қалам тербейді, ол өз шаруасы, өз мүмкіндігі. Тағы бір қызық айтайын, күлдірімпаз әртістер демекші, сахнаға лайықтап интермедия жазбайды екенсіз, сіз сатирик емессіз... Сатираны сахнамен өлшейді.  Мұндай топастық сананы дүр сілкіндіру үшін, әлем сатирасынан сусындау қажет.  Әрине, сахнада да сатира, оның ішінде саяси сатира «өрт болып жанып жатса», бөркімізді аспанға лақтырып, сол бөркіміз ұшып бара жатқан ұшақтың қанатына ілініп қалса екен дейміз. Кешіріңіз, сіз менімен келісесіз ғой деп ойлаймын, «демократия бар...» деп далиғанымызбен, биліктің жасырын «көркем әдебиет кедені»  қаламыңызды қазыққа айналдыра салады... Сыртқы әлем мен ішкі әлемнен саяси сатира жаза алмайтыныңыз сондықтан. Биліктегі белгілі адамдардың «белгісіз істері» жөнінде саяси сатира жазып көріңізші? «Қара жорғаға» билеп, моральдық миллиондарды иіскеу үшін соттың  «құрметті қонағы» болып шығасыз.  Бірақ «бүгіннен ертең жақсы» демекші, болашақта саяси сатира оянады. Т-с-с... Қазір ұйықтап жатыр...

О, САТИРА! МЕН САҒАН ҒАШЫҚПЫН!

(«Халық сөзі» газетінде жарияланған сұхбат. 1 сәуір,2011 жыл )

--Алдымызда бұйыртса, Күлкі күні келе жатыр. Күлкістан республикасының азаматы ретінде осы мерекенің тойлануына қатысты айтар базынаныз бар деп естіп едік... Өз аузыңыздан естісек?

--Елімізде не көп, мереке, сол мерекелерге байланысты демалыс күндері көп. Құдай мерекелерден ажыратпасын, жылына бір келіп жымитып, көңілді кранмен емес, өздігінен көтеріп кететін Күлкі күні еуропа мемлекеттерінде кәдімгідей аталып өтіледі. Бізде «күлкі күні құтты болсын!» деп ауыз жыбырлатқаннан басқа ештеңе жоқ! Бақ тек күлкі күні қарсаңында ғана сатириктерді іздей бастайды. «Күлкі-дәрумен, күлкі –құдыретті күш» деп жат­қаны­­мызбен, республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан мүшәй­ралар болсын, жас жазушылар  байқаулары болсын, сатираны, сатираны әл қадірінше сүйреп келе жатқан сатириктерді тарс естерінен шығарып алады. Жас сықақшыларды іздемейді, марапаттап, шығармашы­лығына жол ашпай­ды. Сатира әдебиеттің өгей баласы сияқты. Бірақ кез келген алдам өлең жаза алғанымен, кез-келген ақын сатираның бір сөйлемін де жаза алмайды.  Күлкі күні қала орталықтарында аталынып өтпейді, өйткені оған ресми статус беріл­ген жоқ. Дегенмен «дым жоқ, не жын жоқ» деп ауызды қу шөппен сүрте бергенше, мәденеиет басқармалары  осы Күлкі күнін керемет етіп өт­кіз­уге болады ғой? Литвада масқарампаздар, күлдірімпаздар көшеге шығып, халықтың көңілін көтереді екен. Болгарияның Бавро қаласында күлкі күні дәстүрлі аталып өтіледі. Бізде Алдаркөселер, Тазша бала­лар,  Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдектер неге алаңға шықпасқы? Әнші­лер әзіл әндер айтып,  балаларды күлдіргі ойындарға қатыстырып, көңілді бір көтермеске?

--Жарайды, ал еліміздегі күлкі индустриясының күйі қалай? Жалпы, әзіл-сықақ отауларының деңгейі біздегі юмордың халіне анықтауыш бола ала ма?

--Қазақтан өткен қалжыңқой халық жоқ. Солай бола тұрсақ та бізде сатирик­тер аз, «біреу, екеу,үшеу...» деп саусақ санаймыз. Ары қарай ернімізді жалаймыз. Құдайға шүкір, компьютерлендірілген әншілер сияқты тұқымымыз тым көбейіп кетпегенімен,  қазіргі сатираның деңгейі әжептеуір жақсы. Рихтер шкаласымен салыстырсақ, 2,4 балл... Дүлей күш 7,8 балға жете алмай жатырмыз... Оған себеп, жоғарыда айтқанымыздай, ауыл-ауылдағы жас сықақшыларды арқасынан қағып, «айнөлайын!» дейтін апамыз да, «бері келші, үммә!» деп бетінен сүйетін көкеміз де жоқ... Ешкім елемейді... 

--Араб сатирасын хижа деп келіп, ағылшын әзілі, американ сатирасы деп жікке бөліп жатамыз. Осыларға қарап, қазақ сатирасы қалыптасты деп атауға бола ма?

--Құдайым-ау, сіздің сұрағыңыз саусағымды бырт еткізіп сындырып жібергендей болды ғой. Қазақ сатирасы әлдеқашан қалыптасқан! Абай сатирасын айтпай-ақ қояйын, бертіндегі Осағаң, Оспанхан Әубәкіров, ақсақал сатира сардарлары Ғаббас Қабышев, Үмбетбай Уайдин, олардың ізін «иіскелеп» келе жатқан Ермахан Шайқыұлы, Алпысбай Боранбаев және басқалар күлкі  отауының ішінде күбір-күбір сөйлесіп отырған жоқ, күміс күлкілерін естірте, кеңкілдеп күліп жатыр... Бірақ біздің күлкіміз Қазақстанға ғана естіледі. Шетелдерге шықпайды, «активіміз таусылып» қалған. «Единица құйып», жарнамалап, аударма жастатып, шетел асыртып жіберетіндер табылмай отыр...

    --Болса, оны қандай ұғымға сыйдырамыз?

--Қазіргі қазақ сатирасы тәуелсіздік алған жылдарда жаңа сипат алды. Баспасөз беттерінде «Бүгінгі сатира» айдарымен айшықты орын берілді. ҚҚС (қазіргі қазақ сатирасы) даму, жаңару үстінде. Алайда, ҚҚС-те жаңа есімдер жоқтың қасы...

--Сіздің нысананызға көбіне қазаққа жақын деген тұрмыстық тақырып­тар түседі. Сол тақырыптың шеберісіз. Ал саяси сатира деген жанрға қалам сілтеп көрмедіңіз бе?

--Егер бақ беттеріндегі менің сатираларымды қадағалап оқып жүрсеңіз, керісінше мен саси тақырыптарға көбірек қалам сілтейтінімді байқайсыз. Саяси тақырып дегенде жұрт тек баяғы Остап Вишняның  «Хош келдіңіз», немесе түрік сатирігі Әзиз Несиннің «дамбалыңа бау алуды ұмытпа» сияқты сатираларын еске түсіреді. Саясаттың өзін ішкі және сыртқы саясат деп жатамыз. Демек, депутаттар, министрлер, үкімет, тіпті президент тақырыбында қалам тербедім, мұның бәрі саяси сатира. Керісінше отбасы, ошақ қасындағы ұсақ-түйекті сатира ауылына жақындатқым келмейді... Бірақ там-тұмдап болсын,  ол да керек. Мәселен, «Лө-ла-лай», «Президент келе жатыр!» таза саяси сатира. Ал, шетелдік кейіпкерлерім жоқ десе де болады. «Тарт қолыңды Америка!» деп жаза беруге болады әрине...  Жазу да керек. Бұйыртса, Сатира республикасының  сыртқы күлкі істері министрлігінде жұмыс істемек ойым бар...

--Осы саяси сатира дегеннің бізге керегі бар ма өзі? Әлде Батыстан қалмайық дегеннің бір тыраш көрінісі ме?

--Жоқ. Әбден керек. Бірақ оған кім көрінген бара бермейді... Тістері батпайды...

Жазғанның өзінде саяси мақалаға ұқсап кетеді.  Кеңес дәуірінде саяси сатираны цензура тұншықтыратын. Қазір демократия. Тақырып көп. Тек нені, және қалай жазуды бағамдай білу керек деп ойлаймын.

--Өзіңіз күлкі әлеміне қалай келіп қалдыңыз?

--Мен жарық дүниеге «ыржиып» келдім деп өтірік айта алмаймын. Барша адамдар сияқты «іңгәлап» келдім. Ауыл ақсақалдарының құйтырқы қалжыңдарын жақсы көрдім. Сегізінші сыныпта «Әлиманың әлегі» атты алғашқы әзіл әңгімем аудандық газетте жарық көргенде, қуанғанымнан есік алдында жүрген қоразды қуалай беріппін. «О, сатира! Мен саған ғашықпын!» деп айқайлағым келген... Студенттік жылдарда «Жібек жел» атты ұжымдық жинаққа  әзіл әңгімелерім шыққанда, сол баяғы қораз есіме түскен, бірақ ол әлдеқашан сойылып кетен. «Кейін «Құдағи құшақтай береді», «Кешіріңіз, сіз есек емессіз», «Ымбаппа», «Талтайып тұрғым келеді», «Быт-шытыңды шығарамын!» атты төрт томдық кітаптарым шыққанда да балалық шағым, алғашқы әзіл әңгімем, ауыл және қораз еске түседі...

--Біреуді оңбай алдаған немесе алданған кезіңіз болды ма?

--Алдандым. Баяғыда , жас кезімде «Оңтүстік Қазақстанда» сатира бөлімін басқарып жүргенімде фельетондарды бұрқыратқан болатынмын. Партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі Слам Нұрмағанбетов даусын өзгертіп, «Сенің кеше шыққан фельетоныңның кейіпкерімін. Кешке жұмыстан шыққаныңда, мылтықпен қай жеріңнен атайын?» деп телефон соққан. «Аяғымнан ата салса екен, тимей қалса екен...» деп кешке дейін әбіржіп жүргенім бар... Қорыққанымнан емес, сол күні кешке «бешір» бар еді...

--Орыс ағайында қай нәрсенің төркінін Руське әкеп тірейтін, білімі, зейіні арқылы жастардың отаншылдығына өзіндік үлес қосып жүрген Задорнов бар. Сізге қазақтың Задорновы болуға не кедергі? Болмаса, басқаларға? 

--Шынымды айтайын, орыстың Задорновы болғым келмейді... Оны аса құрметтеймін, шығармаларын сүйсініп оқимын. Бізде жаман әдет бар, дереу өзге жұртты мысалға аламыз. «Қазақтың Есенині! Маяковскиі дер едім» деп жатады. Мен қазақтың Мұхтар Шерімові болғым келеді...  Алайда, әр сатириктің өз соқпағы, өз жолы, өз стилі болады. Отаншылдыққа тікелей үндейтін сатира жазбаса да, отанына опа бермегендерді әшкерелейтін сатираны төпеп жазатын сатириктер бар. Рас, орыс сатирасы, оның ішіңде Задорновы сатира олимпиядасының алауын жағып тұр. Ресей сатириктерін хан көтереді,  сұмдық насихаттайды. Жағдайларын жасайды. Бізде керісінше... Сатириктердің өздері бірін-бірі насихаттауға келгенде,  көздерін жұмып отыра береді... Билік сатириктерді «сынағыш, мінегіш» деп түсінеді... Теледидарларымыз жекелеген сатириктерді шақыра бермейді. Олар туралы шығармашылық хабар жасағанша, жалаңаш қыздар туралы фильм көрсеткенді артық көреді...

Өркен КЕНЖЕБЕК

Мұхтар ШЕРIМ: САТИРАНЫҢ «СНАЙПЕРI» БОЛМАСАҢ, ШОЛАҚ МЫЛТЫҒЫ БОЛЫП КЕРЕГI НЕ?!

Көзiқарақты оқырман Мұхтар Шерiмнiң сатирасымен баспасөз арқылы жақсы таныс. Ол – ұшқыр қаламы мен өткiр тiлiнiң арқасында қоғамдағы кез келген өңездiң бетiн қорықпай ашып жүрген сатириктердiң бiрi. Таяуда Мұхтар Шерiм мырзамен арнайы жолығып, бүгiнгi сатираның деңгейi мен беталысы жайында әңгiмелесудiң сәтi түскен едi.

ФЕЛЬЕТОН ЖАЗСАҢ, ӨЗIҢ СОТТАЛАСЫҢ

– Сатира – қиын да күрделi жанр. Бұл қиын соқпаққа түсуiңiзге не түрткi болды?
– Кейбiреулер 1-сыныптан бастап өлең жаздым деп жатады ғой. Қазiргi балаларды қайдам, өзiм 8-сыныпқа дейiн ойын баласы едiм. Ол кезде шопыр болам деген үлкен арманым бар едi. Бiрақ 8-сыныпта "Әлиманың әлегi" деген сатиралық әңгiме жазғам. Сатираға қатты ұқсамаса да, кейбiр элементтерi бар. Осы дүнием аудандық газетке шыққанда қатты қуандым. "Қазақстан пио­нерiне" жiберiп едiм, "Мына жерiн жөндеңiз, сосын шығарамыз" деген жауап келдi. Газетке шықпағаны былай тұрсын, жауаптың келгенiнiң өзiне қуандым ғой. Сол хатты бәрiне көрсетiп, мәз болғам. Қазiр осылай кемшiн тұсын жазса, тулап шыға келедi ғой. Содан не керек, аудандық, республикалық басылым­дарды жаулай бастадым. Редакцияның жолдамасымен КазГУ-дiң журфагына түстiм. Студент кезiмде Оспанхан Әубәкiровтiң батасын алдым. "Қымызхана" театрына сықақтар жазып тұрдым. Қаламақысы да жақсы едi. Алғашқы табысыма мылқау кино түсiретiн құрал сатып алғаным есiмде. Мiне, содан берi "О, сатира, мен саған ғашық едiм!" деген кредомен өмiр сүрiп келемiн. Неге екенiн бiлмеймiн, сатира жанрын сұмдық жақсы көремiн.
– Сати­рик­ адам өмiрде­ де әзiлқой, қалжыңбас келетiн сияқты едi. Ал сiз салмақты, салиқалы көрiнесiз...
– Сатира жазу жүрiс-тұрыс, мiнезге байланысты емес. Бiрде "Жас Алаш" газетiнде "Жылағым келедi" деген сатиралық әңгiмем жарық көрдi. Публицист Бауыржан Омаров телефон шалып: "Сен ауызекi әңгiмелес­кенде сатирикке ұқсамайсың, ал жазғанда түбiн түсiредi екенсiң..." деп ризашылығын бiлдiрдi. Күлдiм. Жазуға отырғанда шабытым оянып, делебем қозып кетедi. Сырттан қараған бiреу "Жынды ма?!" деп ойлайтын шығар. Себебi ыржалақтап өз-өзiмнен сөйлеп, күлiп, кейiп­керiме сұрақ қоямын. Iшкi даусым шығып кетедi. Сондай кезде үйдегi жеңешеңнiң "Менi шақырып жатырсың ба?" деп жүгiрiп келетiнi бар. Кейбiреулер жазу үшiн "тыныштықты қалаймын" деп жатады. Маған бәрiбiр. Қайда болса да, отыра қалам да, жаза берем. Келесi бiр әңгiмем­нiң кейiпкерлерiн ұйқыға батар кезде ойда пiсiрiп, толғанып жатам. ­Киiм кигiзем де, қайта алып тастаймын. Аузына сөз салам, кейде ұрсам. Таң атқанша сұлбасы дайын тұрады. Жұрттар "Қалай күн көремiн?" деп тұрмыстық жағдайын ойлап жатса, мен тек сатира туралы бас қатырам. Бұл менiң ауруым сияқты. Аптасына бiр-екi сықақ жазбасам, ауа жетпейтiндей көрiнедi.
Жұрт сатириктiң бәрiн "шустрый" деп ойлайды. Менде "жигули" көлiгi бар-тын. Таңертең көшеде айдап келе жатсам, жұрттың бәрi күледi, шопырлар да таң қалып қарайды. Сөйтсем, көлiгiмнiң төбесiнде үш леген құрт тұр екен. Анам күннiң көзi тиедi деп, көлiктiң үстiне қойған екен. Байқамай айдап кеткем ғой. Осындай аңқаулығым да басым.
– Көбiнесе сатиралық дүниелерiңiзде министрлер мен әкiмдердi сын тезiне алып жатасыз. Кездесiп қалғанда өкпе-ренiшiн айтатын кездерi бола ма?
– Сатираның өзiн әлеуметтiк, саяси және тұрмыстық деп бөлуге болады. Көбiнесе әлеуметтiк тұрғыда жазғанды жаным қалайды. Әкiм-қаралар, шенеунiктер, саясаткерлердi саяси тұрғыдан жазам. Әрине, кейбiр әкiмге тиiп кететiн жерiм бар. Бiр кездерi Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдерi жиi ауысып кеттi ғой. Сонда бiр әкiмнiң орынбасары: "Әкiмдердi жамандай бермесеңiзшi. Олардың да iшiнде жақсылары бар ғой. Керiсiнше неге жақсыларын насихаттамаймыз?" деген ойын айтты. "Мен ешкiмнiң түсiн түстеп, атын атаған емеспiн. Бұл – фельетон емес, сатиралық әңгiме" десем, "Әкiмдi жамандай берсеңiз, халық та басқаша пiкiрде болады" деген-дi. Осы әңгiмеден кейiн "Болды, ендi әкiм туралы жазбаймын" деген едiм. Бiрақ "Үйренген ауыз жемесiне қоймайды" демей ме, бәрi­бiр әкiм бола ма, министр бола ма, Президенттiң төңiрегiндегi жағымпаз­дарды да сатираның кейiпкерi ретiнде түйреп келемiн. Кейiп­кер­дiң бәрiн өмiрден аламын. Көп ортада боламын. Соны жиып-терiп алып жүремiн. Сатираның “снайперi” болмасаң, шолақ мылтығы болып керегi не?! Ондай болса жазып та керегi жоқ.
– Сонда өзiңiздi қатардағы сатирик ретiнде санамайсыз ба?
– Қатардағы немесе жоғарыдағы болайын деген мақсатым жоқ. Жазасың ба, майын тамызып, қанын ағызып, бұрышын молынан сеуiп, дәмiн келтiрiп жазу керек. Оқырманды аяймын. Қазiр жұрт шұбалаңқы әңгiменi қарайды да, тастай салады. Оның орнына қысқа-нұсқа сатираңды оқи отыра, рақаттанып күлсе, сол еңбегiңнiң еленгенi.
– Демек кез келген мәселенi тек публицистикалық шығарма арқылы емес, сатирамен де түйреп өтуге болады ғой.
– Жалпы, сатира – жауынгер жанр. Сатира жазу кiм көрiнгеннiң қолынан келмейдi. Әу дегеннiң бәрi ақын ғой қазiр. Бiрақ сатираның жүгiн сүйреу, оны арқалау, деген жерiне жеткiзу қиынның қиыны. Бұл – талант арқылы келетiн нәрсе. Сатираның мақсаты – қоғамдағы әлеуметтiк мерездердi дер кезiнде көрсету. Алдын-ала сақтандырады. Өкiнiштiсi сол, сатираның фельетон жанры құрып барады. Фельетон сатираның уытты жанры болғандықтан оған ешкiмнiң жолағысы келмейдi. Көбi жеккөрiнiштi болып, жау арттырып керегi не деп ойлайды. Әйтпесе, фельетон жазудың дәуiрi ендi келдi. Жан-жағыңызға қарасаңыз, фельетонға жүк боларлық небiр тақырыптарды көзiңiз шалады. Кеңес дәуiрiнде 5 теңгенi жеп қойған дүкеншiнi жазсақ, жұмыстан алып тастайтын. Қазiр керiсiнше бiреудi сынасаң, ол ертесiне көтерiледi. "Алақаным қыши бередi" деген фельетоным үшiн балабақша меңгерушiсi сотқа берген. "Алақанымның қышығанын қайдан көрдiңiз?" дегенде соны дәлелдей алмай қор болдым. Образды түрде жаздым, сатиралық тәсiл десем, түсiнбейдi. Бүгiнде "моральдық зиян шектiм" деп қудалайтындардан жасқанып, бұл жанрға ешкiмнiң жолағысы жоқ. Фельетон жазсаң өзiңдi сотқа сүйреп, моральдық шығын өндiрiп алады. Сол себептен де фельетон жазатындар аз. Неге тас лақтырсаң сатириктiң басына тимейдi? Себебi жүгi ауыр. Алып жүруге қорқады. Ол үшiн ешкiмнен тайсалмайтын, батыр адам болу керек.

САТИРИК ТЕ – ЖАЗУШЫ СИЯҚТЫ ӘДЕБИЕТТIҢ ЖАУЫНГЕРI 

– Әзiл-сықақ театрларында қазақы қалжың азайып бара жатқан сияқты. Олардың бiразы тек анайы, талғамсыз дүниелердi сахналауға дағдыланғандай көрiнедi. Бұл "ауырдың астымен, жеңiлдiң үстiмен" жүру емес пе?
– Театрдағы сатираны өмiршең немесе өлiмшi сатира деп бөлер едiм. Өлiмшi – бiр уақытта рақаттанып күлесiң де, ұмытып қаласың. Ол – әлсiз сатира. Өмiршең сатира – күлесiң әрi талай уақытқа дейiн айтып жүресiң. Бiздегi әзiл-сықақ театрының көбi анайы дүниемен күлдiредi. Кездескенде: "Мыналарың қалай? Ұят емес пе?!" десең, "Бiз астарлап, жұмбақтап бердiк" деп жатады. Жұмбақпен айтқан түгi жоқ. Қалай бар, солай жеткiзедi. Бiрде "Тамашаның" режиссерi, марқұм Лұқпан Есенов "Жаңажылдық қойылымға шығуға екi-ақ апта қалды. Үлгере алмайтын түрiмiз бар, бiзге сықақ жазып, қолұшыңды бер. Сен бiр аптаның iшiнде бiтiруiң керек. Қорықпа, қаламақыңды қомақты етiп беремiз" деп Алматыға шақырды. Жақсы ұсынысқа қуанғаным соншалық, 9 интермедияны үш-ақ күнде жазып берiппiн. Ол марқұм Уайс Сұлтанғазин орындайтын "Массаж", Құдайберген Сұлтанбаев орындайтын "Қайыршы", т.б. интермедиялар едi. Негiзi кәсiби деңгейде шыңдалуды "Тамашадан" бастадым ғой. Сол кезде марқұм Құдайберген Сұлтанбаев: "Сатириктiң құдiретiн көрмейсiң бе, "Тамашаның" тарланы менi де қайыршы етiп қойдың ғой" деп қолымды қысып, күлгенi бар.
– Сiздiңше, қазiргi сатиралық театрлардың басты кемшiлiгi қайсы?
– Бәрiне ортақ кемшiлiк – олар көбiнесе анекдоттарды алып, ет, бұрышын қосып, түрлендiрiп, өзi жазғандай етiп авторлық құқық алып сахнаға шығара­ды. Мұның бәрi уақытша нәрсе ғой. Бұл бiр жағынан ақша шығындамау­дың оңай жолы. Ешкiмге жалынбаймыз дегендi көрсету. Театрлардың көбейiп кеткенi – күнкөрiстiң қамы. Соның арасында көбiне халтуралар кетiп жатады.
– Елiмiзде Ресейдегi Петросяннiң мектебi сынды бiр сатира мектебi болса екен дейсiң. Сатира жазуға икемi бар жастардың басын қосатын мектеп ашуды ойланып көрдiңiздер ме?
– Жалпы, мектеп бола ма, басқа бола ма, жас сатириктердiң басын қосып, бағыт-бағдар берiп, тырнақалды шығармаларын басылымдарға шығарсам деген ойым бар. Әзiрге жүзеге асырғам жоқ. Екiншiден, мұны қалай ұйымдастыру­дың жолын қарастырып жүрмiн. Ауылдық жерлерде жас сатириктер көп. Тiлдерi орақ, ойы ұшқыр жастар бар. Олар шыға алмай жүр. Ал әу баста көрiнiп, жақсы жерге орналасып алған жазғыштар бар. Сатирасы – әңгiме емес, әңгiмесi – сатира емес, бiрдеңе. Оларға қарағанда ауылдағы он орап алатын сатирик­тер әлдеқайда мықты. Тек көзiн ашу керек. Бiзде керiсiнше сондай талантты сатириктердi көтермейдi. Ал Ресейде Задорновтарды хан етiп көтередi.
– Не iстеу керек? Таланттың көзiн қалай ашпақ керек? Байқасақ, сатириктерге арналған байқаулар да жоқтың қасы екен...
– Былтыр Шымкентте жас ақындардың республикалық мүшәйрасы болды.
Онда проза, поэзия жанры бар, бiрақ сатира жоқ. Түсiнiксiз. Сатира өгей бала ма? Ол да әдебиеттiң жанры емес пе?! Егер сатираны қосса, жазып жүрген жастар да келер едi ғой. Олардың да мәртебесi көтерiлiп қалар едi. Кешiрiңiз, сатирик те ақын, жазушы сияқты әдебиеттiң бiр солдаты. Бәрiнiң де мақсат-мүддесi ортақ.
– "Жұмыла көтерген жүк жеңiл" демекшi, осы мәселенi бiрiгiп көтермейсiздер ме?
– Рас, жақсы ой салып отырсың. Жазу керек. Мәселе етiп көтеру қажет. Ешкiмнiң көңiлiне қараудың керегi жоқ. Ақындар мүшәйрасына неге сатирик-ақындарды қатыстырмайды? Айтыңызшы, егер сықақшы мен сатириктердi шақырса, кештiң әрiн де келтiрмей ме?!

“САТИРАҒА САТҚЫНДЫҚ ЖАСАҒАН ЕМЕСПIН” 

– "Ара" журналының iнiсi iспеттес "Жұдырық" сатиралық газетiн шығардыңыз. Ғұмыры неге қысқа болды?
– Иә, республикада тұңғыш "Жұдырық" деген сатиралық газет аштым. 1991 жылы жарық көре бастаған кезде нарық қылқындырып тастады. Қыспаққа шыдай алмағандығымыз соншалық, қағазға да ақша таппай қалдық. Одан соң "Барыс" деген газет шығардық, ал қазiр қыз-келiншектерге арналған "Қаракөз" деген газеттi айналдырып жатқан жайым бар.
– Көпен Әмiрбек, Толымбек Әлiмбекұлы сияқты сатириктер көбiнесе өз туындысын өздерi сахнаға шығарып жатады. Сiздi неге солардың қатарынан көрмеймiз?
– Шынымды айтсам, сатираны орындайтын қабiлетiм жоқ. Ойымдағыдай шығара алмайтын сияқтымын. Қазiр "Шаншарға" жазып тұрам. "Iбән", "Жер сату" туралы интермедияның авторымын. Бiрақ оған ақша алған емеспiн. Онсыз да өз қаржысымен өмiр сүрiп жатқан театр ғой. Достық рәуiште көмек бергiм келедi. Ал үлкен сахнаның төрiнде жүрген Көпен, Толымбек секiлдi сатириктер нағыз мәдени, рухани ортада өмiр сүруде. Олардың киелi сахнаны бағындыруға мүмкiндiгi мол. Бiз болсақ облыста, аймақта көзге көрiне, елене бермеймiз.
– Жалпы, бұқараның сатираға көзқарасы қандай?
– Қазақ баспасөзiнiң басында отырған басшылар да сатираның не екенiн түсiнедi. Оны ыржақай күлкi ретiнде емес, әлеуметтiк өнер ретiнде түсiнедi. Әсiресе, "Түркiстан", "Жас алаш", "Айқын", "Егемен Қазақстан" газеттерi жүйелi ретiнде берiп тұрады. Бәлкiм, бұл газеттiң тиражын көтеретiн шығар. Жасыратыны жоқ, тек қана сатираны оқитын оқырмандар бар. Бұл жерде сатира жарияламайтын газеттер газет емес дегендi айтып тұрғам жоқ. Мұндағы ойым, газеттен сатиралық бет ашылып, жер-жердегi жас сатириктердiң көрiнуiне үн қосу. Мысалы Оспанхан Әубәкiров ағамыз "Сүзеген сөз" деп әдемi ат қойып, негiзiн қалап кеттi. Бұдан "Жас алаш" ұтпаса, ұтылып жатқан жоқ. Ал облыстық газеттер үшiн облыс әкiмiнiң ыңғайында жүрудiң өзi – сатира.
– Соңғы кезде ғаламтор сайттарында сатиралық дүниеңiз жиi жарық көре бастады. "Мұхтар Шерiмнiң "Сатирадан сарқыт" атты блогыңыз да бар. Өзiңiз интернеттi бес саусақтай меңгерiп алғансыз ғой деймiн...
– Иә (күледi). Заман талабына сай, компьютердi де бiлмесең қиын екен. Интернет те қазiр сатираға көңiл бөлiп келедi. Мысалы "Аbai.кz" порталы сатираға деген оң көзқарас танытып жүр. Үнемi өздерi ұсыныс жасап, сайтқа салып қояды. Сатираны өгейсiтiп, өзекке теппейтiн осындай қазақтiлдi сайттар көбейсе екен. Сатира интернеттi де гүлдендiредi, оқырманның санын да арттырады. Қазiр кiтапқа деген көзқарас нашарлап кеттi. Осыдан кейiн әдеби, сатиралық шығармаларды интернет сайттарына салып отырған да дұрыс сияқты. Интернеттегi ағайындар үшiн арнайы блог ашып, сатиралық әңгiмелерiмдi топтап салып жүрмiн. Оның да тiлiн бiрте-бiрте меңгерiп жатырмын әйтеуiр.
– Қазiр сатиралық кинолар да пайда болды. Олардың беталысы жайында не айтасыз?
– Қазақ "Көтере алмас шоқпарды белiңе байлама" деп бекер айтпаған. Сатиралық кино деп айдар таққаны сатираның маңына да жуымайды. Бiр-екi қыстырма сөздi қосса, соны сатира деп түсiнедi. Француздың Пьер Ришар ойнаған кез келген киносын көрсең, қандай ғажап! Тiптi Чаплиннiң заманындағы түсiрiлген мылқау фильмнiң көтерiп отырған мәселесi қандай! Солармен салыстырғанда бiздiң актерлер шынайы ойнамайды. Жаттанды. Сахнадағы спектакль сияқты ойнайды. Табиғилық жоқ. Соның салдарынан жадағай, қасаң дүние шығып жатыр.
– Сатириктiң достары кiмдер?
– Сатириктiң досы соншалықты көп емес. Ол – оқырмандар, журналистер, жазушылар. Ал шенеунiктер жақтыра қоймайды, сенi алқалы жиындарға шақыра да, сыйлықтармен марапаттай да қоймайды. Сатирик байғұстарды көп шараға қоспайды да. Оларға құдды өгей бала сияқты қарайды. Шiркiн, Оспанхан Әубәкiров ағалар қандай едi?! Аты өшiп бара жатқандығына iшiм удай ашиды. Сатираны жап-жақсы бастап, тастап кеткендер бар. Жарылқасын Дәулетов жақсы сатирик едi, тастап кеттi, ән жазуды бастап кеттi. Әкiм Ысқақ та сатира жазды. Бiр ғана "Бiр физиктiң махаббаты" деген шығармамен тоқтап қалды. Ал өзiм сатираға сатқындық жасаған емеспiн. Басты қасиетiм – адамдардың бәрiмен дос болу. Қызметке қызықпаймын. Ешкiмге бағынбаймын. Өзiмдi Нобель сыйлығының, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының, Алаш сыйлығының лауреаты деп айта алмаймын. Атақтың үлкенi – халықтың танып, бiлiп жатқандығы. 2007 жылы төрт томдық сатиралық шығармалар жинағым жарық көрдi. Тағы да екi томдығым дайын.
– Ал өзiңiз кiмдi пiр тұтасыз?
– Күлкi – витамин. Күлкi – адамның өмiрiн ұзартады. Сатираның құдiретi де осында. Әр сатириктiң өз стилi бар, өзiне лайықты оқырманы бар. Өзiм түрiктiң әйгiлi сықақшысы Әзиз Несиннiң шығармасымен сусындадым. Оның кез келген дүниесi жылап отырып, күлдiртедi.

Әңгімелескен Динара Мыңжасарқызы

 

“ШАҚ-ШҰҚ” НЕМЕСЕ  Мұхтар ШЕРIМ ҚАЛАЙ ҚЫЗМЕТКЕ АЛЫНДЫ?

    Мұхтар Шерiм Бәйдiбек ауданында туып -өскенiмен, шәкiрттiк шағы Түлкiбас жағында өттi-ау деймiн. Мектепте оқып жүрiп, аудандық “Шамшырақ” газетiнiң редакциясына өлеңiн әкелгенi есiмде. “Өлең-сөлең” жазатындар, шимай-шатпақтарын шығармасаң, бiтiспес жау тұтатындар көбейген кезең едi. Сондайлардың бiреуiнен әзер құтылып,ашуланып, аударма-мен бас қатырып отырғанымда, Мұхтар бала да “лирикалық” бiрер шумағын газетке әкеле қалыпты. Оқыдым-дағы, жыртып-жыртып, қоқыс қорабына тастай салдым.”Мынауың өлең емес, бүйтiп жазғанша тып-тыныш сабақтарыңды оқысаңдаршы…”дегендей бiрдеңенi айтып, бұрқ еттiм.

   Жанары отты бала екен, көздерi одан сайын ұшқын атып, маған “бiртүрлi” қарады.  Шамасы, жақтырмаай қалды-ау деймiн. Ендi, менiкi де дұрыс емес, тура ашу үстiнде келе қалғаны, жыртқаным өз алдына, қоқыс қорабына тастай салғаныма өкiнiп те қалдым. “Баланың талабын қайтардым-ау!”-деген ой санамды сызғылады… Өлеңiнiң тақырыбы да мәз емес, “8 март халықаралық әйелдер күнiмен құттықтаймын, ана!”-деп атапты. Сонда бар ғой, егер қолында садағы болса, менiң желкемнен жебесiмен тесiп жiберердей жағдайға түскенiн жон арқаммен сезiнгем.

  Сол бала күндердiң күнiнде сатираның садағын асынып, жебесiн кезенiп шыға келдi. Ә дегеннен-ақ, нысаналарды дәл көздейтiндiгiмен дараланды. Талантын танытты. Бүгiнде Мұхтар Шерiмдi күлкi мәнiсiн түсiнетiн талғампаз оқырманыңыз да, көрерменiңiз де, тыңдарманыңыз да жап-жақсы, жан-жақты бiледi.

  Қазiр Мұхтар iнiме әзiл-шыны араластырып айтып қоям: ”баяғыда әлгi “жырыңды” жыртып тастағаным жаман болмады. Әйтпесе, әйдiк әзiлқой, сұмдық сатирик емес, жәй өлеңдегi жайбасар, ортақол ма, одан да төмен бе, көптiң бiрiне айналып кетер ме ең?”-деп.

   “Мүмкiн, Мәке, мүмкiн…”деп өзi де мойындайды. Кей-кейде мойындағысы келмей, мұрнын шүйiрер. Онысы һәм жарасады өзiне. Өлеңiн жыртқаннан кейiнгi арада, талай-талай заман өттi.  Онда “Оңтүстiк Қазақстан” газетiндемiн.  Мәдениет, әдебиет және өнер бөлiмiнiң аса беделдi, мықты кезi. Сол бiлдей бөлiмдi басқарамын. Бәрiбiр бұрынғыдай тәржiман тiрлiк, мыңдаған хат-хабар, “өлең-сөлең”,“романдар”… Бiр минөт бас бұрмаққа шамаң жоқ. Мұхтардың бiрен-саран дүниелерiн “Қақпан” сын-сықақ мүйiсiне берiп тұратынбыз. Өзi әжептеуiр-ақ танылып үлгерген. Республикалық басылымдарға жиi жарияланып тұрған кезi.

  Күндердiң күнiнде жұмыс таба алмай, әбден  қиналғанын айтып, шаршап-шалдығып, қиылып кеп тұрыпты. Жауапты хатшымыз Байдулла Қонысбек мырзаға кiрiп:” Байеке,”Қақпан” сын-сықақ мүйiсiне таптырмайтын сықақшы ғой, жұмысқа алынуына жәрдемдесiңiзшi,”-дедiм. “Жаухатшы” желкесiн қасыды. Маңдайын ысқылады. Сол қолының шодырайған шынтағын үстелге соғып алып, қабағын шытты:”Дәл қазiр бос орын жоқтығын бiлiп тұрып, буынсыз жерге пышақ ұрасыңдар”,-дедi. “Буыныңыз осал емес қой, бiр орын босап қалатын түрi бар ғой, соны бiздiң бөлiмге…”-дедiк. Аққөңiл ағамыз:” Әбекеңе айтай-ыншы”,—деп бас редакторға кiрдi. Түсi суыңқырап шықты. “Асықпай қоя тұрайық, обкоммен келiсу керек,”-дептi бастық.

   Мұхтарға:” Әзiрше орын жоқ екен, хабарласып тұр”,-дедiм. Шынымен-ақ, көзiне жас кептелiп, сүйретiлiп сыртқа беттедi де, қайта бұрылып:”Мына бiр сықағымды “Қақпанға” бересiз бе?”-дедi.

Әлгi дүниесi “Шақ-шұқ” деп аталады екен. Бiраз уақыттан соң бас алмай оқыдым. Iшегiм түйiлгенше күлiп, рахаттанып қалдым. Ұмытпасам, таксиге бiр қария отырады. Такси жүргiзушi ауылдан келген аңқау шалды алдамақ болып:”Ақша есептегiшiм бұзылып қалып едi, соның орнына “шақ-шұқ” деп айтып отырамын, әр шақ-бес тиын, щұқ-он тиын…”- дейдi. Солай дейдi де. Бiрақ, көбiрек ақша алмақ оймен “шақ-шұқты” аузы-аузына жұқпай айтамын деп, шашалып та қалады… 

   Сатирасының сонылығы, өзгешелiгi, қалыбы (формасы) ұнап-ақ қалды. Жүгiрiп, “жаухатшыға” бардым. “Бала жыламсырап қайтып кетiп едi, мына сықағын оқыңызшы,”—дедiм. Байекең де оқып, көзiнен жас аққанша күлiп, бас редакторға алып кеттi. Ал, содан кейiн бала Мұхтарды iздейiк. Бас редактор Байекеңе: “Болайын деп тұрған бала екен, қалайда тауып кел”-дейдi. Байдiлдә менi қысады. Мен пақырың Мұхтардың қайда жүргенiнен хабарсызбын. Арада ай өттi ғой деймiн, орталық саябақ маңындағы “Шолпан” асханасында Байекең екеумiз түстiк тамағымызды iшiп, асқазанымыздың “айқай-шуын” басып отырғанбыз. Мұхтардың әкесi екеуi отырғанын көрiп, әкем тiрiлiп келгендей қуанбасым бар ма? Сөйтсек, Шымкенттен жұмыс табылмаған соң, Алматыға асығыс аттанып, ағасындай болып кеткен Дулат Исабеков арқылы  қуыршақ театрына жұмысқа алынып, әдебиет бөлiмiнде “шауып” жүрген жайы бар екен. Байдiлдә “жоғалғанын” жетектеп, бас редактордың алдынан бiрақ шығарды…

   Көп ұзамай, Мұхтар Шерiм облыстық газеттiң мәдениет, әдебиет және өнер бөлiмiне қабылданып, “Қақпанды” жүргiзе бастады.

   Қызметке бiз арқылы емес, “Шақ-шұқ” деген шап-шағын, шып-шымыр сықақ әңгiмесiнiң арқасында қабылданған.

                 Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

 

 

БҰЛ МЕН ҒОЙ...

МұхШЕР...

менің эл.поштам:Kazah_mukhtar@mail.ru